"Арқалық политехникалық колледж" білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған 1-курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ирина Васильевна салтанатты жағдайда құттықтады. Егемен елімізде жастардың тәрбиесі мен біліміне айрықша маңыз берілетінін айта келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары – жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады» деген қанатты сөздерін мысалға келтірді. Жастарға қарата елдің болашағы мен игілігі білімді ұрпақтың қолында екенін баса айтты. Студенттер өз кезегінде елге, жерге, тілге деген құрметті биік ұстап, Арқалық политехникалық колледж студенті деген атқа лайық болуға және бәсекеге қабілетті маман болып, еліміздің көркеюі үшін адал қызмет етуге ант берді.