9 желтоксан куни Арқалық политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған “Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан - жүрегім” атты салтанатты жиын өтті. Жиын барысында 30 жыл ішінде еліміздің жеткен жетістіктері аталып өтті. Әнұран шырқалды, білім алушылар тәуелсіздік туралы өлен оқып, ән айтты.
Арқалық политехникалық колледжінде «Тәуелсіздік –адамзаттың бақыты» тақырыбыда көрме өткізілді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көрменің мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық қолтаңбасын, өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, мақтаныш ету. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің қазақ халқына оңай жолмен келмегендігін білімалушыларға насихаттау.
Көрмедегі ұсынылған колледж білімалушылары жұмысына қарап, жас ұрпақтың санасына 30 жылдық Тәуелсіздіктің қаншалықты терең із қалдырғанын байқау қиын емес. Ерлік пен батырлық, Отан қорғауды парызым деп түсінетін көрмедегі барлық қолөнерлерді білімалушылар егемендікке сый ретінде тарту еткенін атап өтті.
Желтоқсан айының 13 і күні Арқалық политехникалық колледжі кітапханашысы Кабылдина Асылай Сайлаубековна Ата мұра үйірмесінің жетекшісі Қоқашева Гулден Ақзабайқызымен бірігіп Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тәуелсіздікке 30 жыл-30 кітап» тақырыбында кітап көрмесі қойыдып, колледж білім алушыларына таныстырылды. Көрмеге Қазақ хандығынан бастап, Алаш партиясы, Желтоқсан көтерілісі жіне Тәуелсіздік тақырыбында кітаптар қойылды. Сондай-ақ көрмеге Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «100 жаңа оқулық»- жаңғырудың тетігі деген тақырыппен шеттілі кітаптарының қазақ тіліндегі аудармалары қойылды. Студенттерге ата-бамамыз аңсап кеткен Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік және сол жолдағы қиыншылықтар жөнінде мысалы үшін Қазақ хандығынан бастау алған көтерілістердің Желтоқсан оқиғасымен аяқатлып тәуелсіз ел болғанымыз туралы түсіндірілді.
Желтоқсан айының 13 і күні Арқалық политехникалық колледжі кітапханашысы Кабылдина Асылай Сайлаубековнаның ұйымдастыруымен 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты дөңгелек стол өткізілді. Қонаққа 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Дәмет Есенжолқызы шақырылды. Іс шараға Э-11 және П-11 студенттері қатысты. Дәмет Есенжолқызымен керемет сұхбат барысында студенттер тарапына сұрақтар қойылып жақсы сұхбат болды. Сол кездердегі құрбан болған қыз жігіттеріміздің көзі тірісіндегі өлеңдері оқылып, «Желтоқсан әні» орындалды. Қонағымызғы естелык силық пен алғыс хат табысталды.