Республика күнін атап өту тұжырымдамасы аясында республика мен ұлт үшін пайдалы істерге ұлтты ұйыстыру мақсатында Арқалық политехникалық колледжінде шаралар жоспарланды. Соның бірі «Рухы биік, арманы асқақ – Мәңгілік ел!» тақырыбында білім алушылардың қатысуымен әдеби сазды қойылым өтті. Салтанатты шараның қадірлі қанақтары қала әкімінің орынбасары Түбекбай Ғапсалықұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғаппасұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Маратұлы және ата-аналар комитетінің төрайымы Шынар Мұқатаевна болды.
Іс-шараның басты мақсаты білім алушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу болып табылады. Іс-шара барысында білім алушылар тарихи қойылым қойып, концерттік бағдарламамен жалғастырды. Соныңда қала әкімінің орынбасары Түбекбай Ғапсалықұлы колледж ұжымына, білім алушыларға алғысын білдіріп, Республика күнімен құттықтап, тілегін білдірді.