Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

04/12/2024  Среда
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық коллежінде «АПК жастары» дебат клубының ұйымастыруымен «Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?» тақырыбында топтар арасына пікір- сайыс өтті.

Екі фракция (топ) жұмыс жасады. Бір қарар қарастырылып АПФ форматының құндылық түрі бойынша өтті. Фракциялармен таныспас бұрын дебатымыздың төрешісі  және тайм кипер  таныстырылды. Парламентариядан дебат ойынын мұқият тыңдап, ой қорытып отыру сұралды.

Пікір таластың өзекті мәселесі «Бүгінгі таңдағы қазақ тілінің жағдайы». Ортаға пікір-таласқа түсетін жақтаушы және даттаушы топтар

Үкімет фракциясынан

1.Примьер  - министр – Перизат Қуанышқызы

2.Үкімет мүшесі- Темірлан  Шыныбеков

Оппозиция фракциясынан

1.Оппозиция көшбасшысы- Ағайша Шайжан

2. Оппозиция мүшесі- Қален Әлібек  шақырылды.

Дебатымыз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көп ойлармен сусындадық.

Тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық қызу талқылаудың тақырыбына арналған басты мәселенің бірі — тіл мәртебесі. Тілі мен ділін ұмытқан ұлттың да болашағы бұлыңғыр екені анық.

Президент Қасым - Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауында қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту турасына ерекше тоқталды.

Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады ей келе, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – Ана тіліміз екендігін айқындайтын дәлелді пікірлерімен бөлісті.
Ойында  өзінің ұшқыр ойымен көзге түскен «Үздік спикер» дипломына  1 курс студенті Ағайша Шайжан лайықты болып табылды.
Ойында Оппозиция фракциясы 1 орын, Үкімет фракциясы 2 орын иеленді.