05.12.22.-09.12.22. аралығында Арқалық политехникалық колледжінде «Жалпы білім беретін пәндер» топтамалық әдістемелік комиссиясының апталығының ашылу салтаны өткізіліп, көрме ұйымдастырылды. Жиында апта бойы атқарылатын іс-шаралармен ӘКЦ жетекшісі Хасенова С.А. таныстырды.
Тақырыбы: «Білімді ұрпақ,заманауи ұстаз, зияткерлік талап»
Мақсаты: Білім-тәрбие жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушылардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру, педагогикалық біліктілігін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Апталық барысында:
Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өз деңгейінде өткізілуде.
Алғашқы әскери дайындық. Тақырыбы: «Калашников автоматын (қол пулеметін) жартылай бөлшектеу және жинақтау. ОП-11тобында Оқытушы: Төлеухан А.Т. өткізді.
Химия. Тақырыбы: «Шойын және болат өндірісі» ПК-11. Тобында Оқытушы: Тургаев Б.Б.
Қазақ әдебиеті. Тақырыбы: Оразақын Асқар « Шетте жүрген бауырларға» өлеңі тақырыбында ОП-11 тобында Балмашева Б.К. ашық сабақ өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер әдістемелік комиссия құрамындағы пән оқытушылары жаңартылған білім мазмұнына сәйкес заманауи техннологияларды тиімді пайдаланып өткізуде. мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т. б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алғашқы әскери дайындық пәнінен 1 курс білім алушылары арасында «Кіші калибрлі винтовкадан атыс» тақырыбында Мурзабаева А.Е., Мухамедкалиев Р.М.Р, Төлеухан А.Т. жарыс ұйымдастырды.
Дене шынықтыру пәні оқытушылары: Агибаев Р.М., Ауезов Ж.Ш., Ералы Б.Е., Жолдыбай Е.
Келесі аптада Тарих пәнінен «Влияние мировых войн ХХ века на систему международных отношений» тақырыбында Токаева Э.М., ағылшын пәнінен «Научно-фантастические фильмы» Айтмуханова Я.А. өткізіледі.
Сыныптан тыс іс-шаралар: «Тапқыр болсаң, талап көп» интеллектуалдық ойын қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Балмашева Б.К., «Мемлекеттік тіл өз мәртебесінде ме?» тақырыбында Дебат (пікір-талас) ОП-11, ТО-11, ПК-11 қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Жиенбаева С.А.өткізіледі.
Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері апталық соңында талқыланды.
Апталық соңында қортынды жасалып, апталық аясында белсенді ат салысқан білім алушылар Мақтау қағаздарымен, Алғыс хаттармен марапатталады.
https://apk.edu.kz/ru/vospitatelnaya-rabota/727-05-12-22-09-12-22-araly-ynda-ar-aly-politekhnikaly-kolledzh-nde.html#sigProIdc4bd0a28ac