Тарихы
Worldskills —мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекеттерде болады, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.
1947 жылы Испанияда алғаш рет кәсіптік-техникалық дайындық бойынша ұлттық байқау өтті. Ол жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайта қалпына келтіру салдарынан, мемлекетте білікті мамандарға деген сұраныс жоғары деңгейде болғандықтан, кәсіптік білімнің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік туғызды. Аталған идея авторы Испан жастар ұйымының бас директоры Хосе Антонио Элола Оласо болды.
Бірінші болып аталған инициативаны Португалия қолдады. Үш жылдан кейін байқауға Германия, Ұлыбритания, Франция, Марокко және Швейцарияның қатысушылары қатысты. Алғаш рет Испаниядан басқа жерлерле, 1958 жылы Дүниежүзілік көрме шеңберінде Брюссельде, 1970 жылы Токиода болды. 2000 жылдардың басында IVTO атын және символын өзгертті, содан бастап ол WorldSkills International деп аталатын болды.
Қазақстан WorldSkills қозғалысына 2014 жылы еніп, 2015 жылы елімізде алғаш рет ұлттық чемпионатын өткізді. Онда белгіленген 7 құзіреттілік бойынша 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының 70-ке жуық өкілі қатысты. 2015 жылдан бастап Қазақстанада WorldSkills қауымдастығының талаптарын ескере отырып, колледж студенттері арасында өңірлік және ұлттық кәсіби шеберлік конкурстары ұйымдастырылады және халықаралық деңгейге шығу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасы құрылды.
Қостанай қаласында «WorldSkills» чемпионаты 2016 жылы 7 құзіреттілікті қамтыды. 2016 жылы колледжімізден «Шаштараз өнері» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Казакбаева А.С. бір білім алушы дайындап қатыстырды.
«WorldSkills 2017» аймақтық чемпионаты жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруді көздеген байқау үшінші рет ұйымдастырылып, 9 құзіреттілікті қамтыды. 2017 жылы колледжімізден «Шаштараз өнері» құзыреті бойынша өндірістік оқыту шебері Ельясова М.Ж. бір білім алушы дайындап қатыстырды.
«WorldSkills 2018» аймақтық чемпионаты 15 құзіреттілікті қамтыды. Осы жылы өңірлік чемпионатқа колледж студенттері және түлектерінен 113 адам қатысты. Жарыс 7 колледж базасында 15 құзырет бойынша өтті: дәнекерлеу ісі, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, электромонтаж, веб-дизайн, шаштараз өнері, слесарлық іс, аспаз ісі, жүйелік және желілік басқару, жүк автомобильдеріне қызмет көрсету, графикалық дизайн, наубайшы шеберлігі, кондитер ісі, киім дизайны және модельдеу, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету. WorldSkills Кostanay чемпионаты шеңберінде алғаш рет «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті ұйымдастырылды.
2018 жылы колледжімізден 8 құзырет бойынша 8 білім алушы қатысты. «Сән технологиясы» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Жапаргалиева А.Ж. білім алушысы Бакирова Аружан 3 орын иеленді.
WorldSkills Kostanay – 2019 бесінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты жабылуы 12 сәуірде өтті. Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жас кадрларды экономиканың өндірістік секторын аттырту және кәсіптік білім берудің біліктілік стандарттарын жетілдіру мақсатында халықаралық талаптарды ескере отырып 2019 жылдың 8-12 сәуірі аралығында Қостанай қаласында он колледж базасында 22 құзыреттілік бойынша WorldSkills Kostanay бесінші өңірлік чемпионаты (бұдан әрі чемпионат) өткізілді. "Вагондарды сұрыптау дөңесінде тарату", "Кескіндеме" және "Хореография" құзыреттерін «ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ және «Қостанай педагогикалық колледжі» чемпионатында бірінші рет ұсынды. Чемпионатқа 160 - тан астам білім алушы, колледж түлектері және кәсіпорын өкілдері қатысты. Сондай-ақ биыл алғаш рет чемпионатқа ЖОО студенттері қатысты (А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ,М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті). Қатысушылардың кәсіби шеберлігін оқытушылар, колледждердің өндірістік оқыту шеберлері мен әлеуметтік серіктестердің кәсіпорын өкілдері арасынан 200 -ден астам сарапшы бағалады. 30-дан астам әлеуметтік серіктес кәсіпорын чемпионатты өткізуге демеушілік көрсеткен.
Бесінші «WorldSkills Kostanay-2019» өңірлік чемпионатының бес құзыретіне біздің колледж қатысып жүлделі орындарға ие болдық. Әрине бұл жерде ерекше оқытушылардың еңбегі зор. Тоқтала кетер болсам төмендегідей құзыреттер бойынша қатыстық. «Электромонтаж» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Алекешов Г.Х. білім алушысы Борзых С. сертификат иеленді. «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Қалжанов Н.А. білім алушысы Байкула Елжас сертификат иеленді. «Шаштараз өнері» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Ельясова М.Ж. білім алушысы Жаманбалина Салтанат сертификат иеленді. «Сән технологиясы» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Жапаргалиева А.Ж. білім алушысы Сүйінғара Аружан 3 орын иеленді. Бұл жетістіктер колледжіміз үшін үлкен абырой деп санаймын. «Слесарлық іс» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Қалиев Е.Қ. білім алушысы Сайлау Серікболсын 2 орын иеленді. Бұл жетістіктер колледжіміз үшін үлкен абырой деп санаймын. Оқытып отырған әр шәкіртті шығармашылық тұлға биігіне жеткізу мақсатында оқытудың озық үлгілерінде еңбек етіп жатқан оқытушылар еңбегіне, білім алушылар шығармашылығына үлкен табыс тілеймін.