Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жас кадрларды экономиканың өндірістік секторын аттырту және кәсіптік білім берудің біліктілік стандарттарын жетілдіру мақсатында халықаралық талаптарды ескере отырып 2020 жылдың 17-21 ақпан аралығында колледжд базасында 7 құзыреттілік бойынша WorldSkills Арқалық чемпионаты (бұдан әрі колледж ішілік чемпионат) өткізілді.
Қатысушылардың кәсіби шеберлігін оқытушылар, колледждердің өндірістік оқыту шеберлері мен әлеуметтік серіктестердің кәсіпорын өкілдері арасында сарапшы бағалады.
Тоқтала кетер болсам төмендегідей құзыреттер бойынша білім алушылар кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып білімдерін шыңдады.
«Веб дизайн және құрастыру» құзыреті бойынша ОП -27 тобының білім алушылары қатысты. Ұйымдастырушысы өндірістік оқыту шебері Ахмет Т.М. Нәтижесі бойынша білім алушы Мұрат Еламан І орын дипломмен, Төлеген Мейірбек ІІ орын дипломмен, Серікбаев Ербол ІІІ орын дипломмен марапатталды. Бораш Б., Жусупбеков Р., Нұрғалиев А. қатысқандарын растайтын сертификат иеленді.
«Электромонтаж» құзыреті бойынша Э -41, Э -42, Э-31, Э-21, ЭМ -22 тобының білім алушылары қатысты. Ұйымдастырушысы өндірістік оқыту шебері Алекешов Г.Х., арнайы пән оқытушылары Мажитова Н.Ж., Байгериев С.Г. Нәтижесі бойынша Камбар Арман І орын дипломмен, Касымбек Асылхан ІІ орын дипломмен, Проничкин Петр ІІІ орын дипломмен марапатталды. Тұрғанбаев Е., Қаби Ж., Едіге Ж., Шұқырбай Ж., Қабдеш А., Хусайн Н., Мырзахметов Қ. қатысқандарын растайтын сертификат иеленді.
«Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» құзыреті бойынша ТО-38, ТО -28 тобының білім алушылары қатысты. Ұйымдастырушысы өндірістік оқыту шеберлері Қалжанов Н.А., Тойшыбеков Б.О., Жунусов С.Г. Нәтижесі бойынша Сүйнғара Нұрдаулет І орын дипломмен, Айбек Куаныш ІІ орын дипломмен, Бессекиеев Жасулан ІІІ орын дипломмен марапатталды. Пономоронке В., Байділдин Д., Төлепұлы Б. қатысқандарын растайтын сертификат иеленді.
«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша ТО- 41, ТО-31, ТО-21 тобының білім алушылары қатысты. Ұйымдастырушысы арнайы пәндер оқытушылары Махатов А.Ш., Байгереев Т.С. Нәтижесі бойынша Ізбасты Нұрасыл І орын дипломмен, Ахмедов Тимур ІІ орын дипломмен, Блюм Никита ІІІ орын дипломмен марапатталды. Акбаров Д., Харитоненко В., Денисов В. қатысқандарын растайтын сертификат иеленді.
«Фермер шаруашылығы» құзыреті бойынша Ф -31,Ф-21 тобының білім алушылары қатысты. Ұйымдастырушысы арнайы пәндер оқытушылары Нұрманбетова А.С., Нұрғожина Ж.С., Қалжанов Н.А. Нәтижесі бойынша білім алушы Қожантаева Жаңагүл І орын дипломмен, Қожахметов Бектепберген ІІ орын дипломмен, Қожантаева Назерке ІІІ орын дипломмен марапатталды. Толегенова А., Өмірзақ Э., Тастыбаева Б. қатысқандарын растайтын сертификат иеленді.
«Аспаздық іс» құзыреті бойынша ПК -36 тобының білім алушылары қатысты. Ұйымдастырушысы өндірістік оқыту шеберлері Еденов И.Е.,Руденко А.В., Әдімжан Н.Б. Нәтижесі бойынша Тілеубай Нурислам І орын дипломмен, Қабдығалық Камила ІІ орын дипломмен, Тілеубаева Наргиз ІІІ орын дипломмен марапатталды. Махыш А., Сағынтаева А., Холковский С. қатысқандарын растайтын сертификат иеленді.
Бұл жетістіктер колледжіміз үшін үлкен абырой. Оқытып отырған әр шәкіртті шығармашылық тұлға биігіне жеткізу мақсатында оқытудың озық үлгілерінде еңбек етіп жатқан оқытушылар еңбегіне, білім алушылар шығармашылығына колледж басшысының м.а. Крыжанова И.В. үлкен табыс тіледі.
«WorldSkills Арқалық - 2020» кәсіби шеберлік чемпионатының колледж ішілік салатанатты жабылуы директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Жайлаубаева Г.М. ұйымдастыруымен өтті.