Кәсіби шеберлік чемпионаты колледжде «Электромонтаж» құзыреті бойынша 1 наурыз куні басталып Э -41, Э -31, Э-21, Э-21 (арнайы), ЭМ -22,ЭМ- 32 тобының білім алушылары қатысты.Чемпионаттың мақсаты мамандық бойынша кәсіби дайындығының сапасын арттыру, демонстрациялау, қазіргі заманғы жабдықтарды және оны тиімді пайдалануын, мамандық арасында кеңінен насихаттау, жастардың жұмысқа деген беделін арттыру.Міндеттері : білім алушылардың кәсіби құзырлығын дамыту, анықтау және прогрессивті өндірістік технологияларын оқу үдерісіне енгізу; белсенді әрекет ететін және оңай бейімделетін тұлға үшін қажетті, әрі қызметінің өзгерген әлеуметтік-экономикалық шарттарын, қасиеттерін қалыптастыру;- кәсіптік білім, білік және дағдыларын нығайту, қалыптасу деңгейін зерттеуге байланысты теориялық және практикалық оқыту.Сайыс колледждің № 22 кабинетте және № 11 "Электромонтер " зертханасында өтті. Сайысқа қатысушылар, арнайы киіммен, өзімен қолғап болуы тиіс. Сайыс екі кезеңде өткізіледі: бірінші - теориялық, екіншісі – тәжірибе түрінде.
1 модуль - Электрлік сұлба нұсқасын түсіндіру (үш тілде)
2 модуль - Тәжірибелік жұмыс. Магниттік жүргізгіш арқылы үш фазалық электрқозғалтқыштарды электр тізбегіне қосу (үш тілде түсіндіру).
3 модуль - World Skills тапсырмасы бойынша электромонтаждық жұмысын орындау (тәжірибелік жұмыс).Сайыстың 1ші және 2 ші модульдері қортындысы бойынша финалға үш білімалушылар өтті олар, Э-41 тобынан Құлша Ақниет және Құрманғали Жандос,ЭМ – 32 тобынан Мырзахметов Қамшыбек.










