Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

19/03/2025  Среда
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Меню

Погода при отмене занятий

Баннеры

WorldSkills чемпионаты бүгінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың бірі.

WorldSkills International (WSI) - халықаралық коммерциялық емес бірлестік, оның мақсаты бүкіл әлемдегі кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын көтеру, бүкіл әлем бойынша халықаралық конкурстар арқылы жұмысшы кәсіптерін танымал ету.

Арқалық политехникалық колледжінде 03.03.2021-04.03.2021 күндері аралығында, колледжшілік WorldSkills чемпионаты «Поварское дело» компетенциясы бойынша өткізілді.

Аталған чемпионатқа «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ІІ курс білім алушылары, Белгібай Игілік, Әбеусағит Толғанай, Ілияс Айсауле, Қабдыбек Элвира қатысып, облыстық чемпионатқа жолдама алу үшін, санитарлық жағдайды сақтай отырып, сайысқа түсті.

Чемпионат облыстық ережелерге сүйеніп, IV модульден тұрды.

I модуль – «FINGER FOOD».

II модуль – «Прозрачный суп из говьяжего бульона».

III модуль – «Стейк из говядины».

IV модуль – «Рулет красный бархат».

Екі күнге созылған чемпионаттың объективті және субъективті бағалауының нәтижесінде өзінің шеберлігін, білімділігін асыра түскен Әбеусағит Т. облыстық чемпионатқа жолдама алды. Бірдей ұпаймен Белгібай И., Ілияс А. І орынға иеленді, Қабдыбек Э ІІ орында болды.