15 наурыз күні World Skills-2021 атты колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша өткен болатын.
Сайыс 5 модульден қалыптасты, олар:
А - Тракторға ауысым сайын техникалық қызмет көрсету;
В - ПД-10 қозғалтқышы туралы теориялық білімін көрсету;
С - Форсункаларды арнайы стендте тексеру;
D - СЗС-2,1 сепкішін жөндеу;
Е - Өлшеу аспаптарымен жұмыс жасау.
Сайысқа «Машина мен механизмдерді жөндеу және пайдалану бойынша шебері» біліктілігі бойынша оқитын ТО-38 тобының 4 білім алушысы, олар: Алпысов Бахтияр, Қуанышбек Амандық, Осипов Талғат және Сүйінғара Нұрдәулет қатысты.
Сайыстың ең басты мақсаты білім алушылардың өз мамандығы бойынша практикалық және теориялық білімдерін жалпылап, заманауи технологиялармен танысып, кәсіби дағдыларын арттыру болды.
World Skills-2021 сол күні өз мәресіне жетіп жеңімпаздар анықталды, І орынға Сүйінғара Нұрдәулет ие болды, ІІ орынды Алпысов Бахтияр мен Қуанышбек Амандық бөлісті және де ІІІ орын Осипов Талғатқа берілді.