Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай қаласы, 112-үй, телефон: 8 (71430) 7-59-83, 7-61-77, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бос лауазымы: Әдіскер 1 бірлік, жалақысы айына 151486 теңгеден 182633 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: білім беру ұйымының оқу-әдістемелік бірлестігінің оқу-әдістемелік жұмысын жүзеге асырады және талдайды; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөнінде конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізеді; инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтайды, зерделейді, жинақтайды, енгізеді және таратады, педагогикалық қызметкерлерге бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге жәрдемдеседі; оқу-әдістемелік әдебиеттермен, оқу құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілуін бағалау жағдайы туралы талдамалық материалдарды білім беретін оқу бағдарламаларының ақпараттық деректер банкін құруды, мамандарды даярлау сапасының мониторингін ұйымдастырады; шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиеналық режим ережелерін сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; белгіленген есептік құжаттаманың уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жы, педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер; оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.09.2024 ж. – 22.09.2024 ж.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495 осы Қағидаларға;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса) және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі:
6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат (бар болса);
10) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
11) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
Ескерту: лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Конкурстық құжаттар бойынша
Кадрлар бөлімінің меңгерушісі: Жумабаева Жулдыз Куанышбаевна
8 775 768 24 79, 7-61-77