Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

03/12/2024  Сейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай қаласы, 112-үй, телефон: 8 (71430) 7-59-83, 7-61-77, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бос лауазымы: Жатақхана тәрбиешісі 1 бірлік, жалақысы айына 124586 теңгеден 148301 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді; тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді; білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды; жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады; ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады; білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді; білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта), жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог- зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Білуге тиіс:   Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогикалық этиканың нормалары; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері; еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.09.2024 ж. – 22.09.2024 ж.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

1) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495 осы Қағидаларға;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса) және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі:

6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат (бар болса);

10) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

11) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

12) тәжірибесі жоқ үміткер үшін ұзақтығы кемінде 10 минут, ең аз рұқсаты 720 x 480 бейне көрсетілімі (өзін-өзі таныстыру).

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

Ескерту: лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

Конкурстық құжаттар бойынша

Кадрлар бөлімінің меңгерушісі: Жумабаева Жулдыз Куанышбаевна

8 775 768 24 79,  7-61-77

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 5-қосымша