Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/11/2024  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Ұлттың сақталуына да, жойылуынада себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл»

Ахмет Байтұрсынұлы.

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай», барлық жиған тіл байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Еліміз өз егемендігін алып, іргесін кеңге жайған замандамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», – деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Соған орай Арқалық Политехникалық колледжінде тілдер мерекесіне арналған «Ті-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» атты іс-шара өткізілген болатын. Іс-шараның мақсаты: студенттерді өзге тілдің бәрін біліп, өз тілдерін құрметтуге үйрете білу. Іс-шараға студенттер толыққанды атсалыса білді. Студенттер қабырға газеттері, үш тілде ән немесе би, «Кім тапқыр?» сайысы және көрермендер арасынан да мақал-мәтел үш тілде тапсырмалар болды. Барлығына белсене атсалысып, көзге көрінгендерге арнайы сыйлықтар беріліп, сайысқа қатысқан студенттерге орындар берілді. Тілдер апталығына жауаптылар: қазақ тілі маманы: Калкаев Гүлшат Турсынбаевна; Орыс тілі маманы: Саламатова Асия Канжаровна, Ағылшын тілі маманы: Әлімбай Ф.М.