Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде 19 қараша күні «Әлем тізгіні - білімдінің қолында» атты «қоғамдық - гуманитарлық», «жаратылыстану математика» бағытындағы пәндер онкүндігінің ашылу салтанатты жиыны өтті.

Онкүндік апталық мақсаты: Білім алушылардың ұлтжандылықтарын және мәдениеттіліктерін қалыптастыру, олардың жеке және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу үшін жағдай жасау, білім алушылардың ой өрісін дамыту, пәндерге деген қызығушылығын арттыру.

Елбасымыз «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» дегендей, білім алушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән онкүндігінің орны ерекше. Онкүндіктің ашылу салтанатты жиыны әнұранмен ашылып, колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Жиенбаева С.А. құттықтау сөз сөйлеп, апталықтың іс - шараларына белсінділік танытып ат салысуға өз лебізін білдірді. Колледж білім алушылары әр пәнге арналған өлең жолдарын оқып, әр пәннің өзіндік ерекшелігі түсіндірілді. Онкүндік барысында аталмыш пәндер бірлестігінің, яғни пән оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілетін ашық сабақтары, байқаулары мен сыныптан тыс іс шаралары, интеллектуалды сайыстар, қабырға газеті сайысы, пәндік олимпиадалар жоспарымен әдістемелік бірлестік жетекшісі Калкаева Г.Т.таныстырып өтті.