«Қоғамдық-гуманитарлық», «Жаратылыстану математика» әдістемелік бірлестігінің «Әлем тізгіні-білімдінің қолында» тақырыбындағы онкүндік аясында математика пәні бойынша «ЭРУДИТ-2018» сыныптан тыс іс-шарасы пән оқытушы Еденова И.Е. ұйымдастыруымен өтті.
Іс шараның мақсаты: Зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, ойын жүйелей алатын зерделі, зерек, білімді топты анықтау. Математика пәнінен «ЭРУДИТ-2018» зияткерлік сайысына колледжіміздің І курс ЭМ-12, ОП-17, ТО-18 топтарынан құралған 3 команда қатысты. Сайыс 5 кезең бойынша өтті. Топ студенттері жақсы дайындықпен келгендерін көрсетіп, қызықты сайыс болды.
С Сайыста 5 кезең бойынша жақсы білім көрсеткен ОП-17 тобы «ЭРУДИТ-2018» атағын жеңіп алды. ТО-18 тобы І орын, ЭМ-12 тобы ІІ орынды иеленді.