Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде 22 қараша күні төл теңгеміздің 25 жылдығына орай «Ұлттық теңге – тәуелсіздік нышаны» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: студенттерге төл теңгенің шежіресімен қатар, оның маңызын түсіндіріп,ақша тек айырбастау құралы емес, ол ұлттық құндылықтардың бірі екендігін ұғындыру. Теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау болды.

Ашық тәрбие сағаты экономика пәндерінің оқытушысы Г.А. Қоқашованың ұйымдастыруымен өткізілді. Оған П-01, ПК-26, МСМ – 19 топтарының студенттері қатысты. Тәрбие сағатында «Теңге тарихы» туралы П-01 тобының студенті Сабыр Ғ.Ж, «ҚР – да ақша айналысын ұйымдастыру мен реттеу» Заңы туралы ПК – 26 тобының студенті Қабдығалық К.А, «Халық табысының өсуі» (Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы) туралы П – 01 тобының студенті Ғазезов Н.Мбаяндамаларын жасады.

Тәрбие сағаты барысында сұрақ-жауап сайысы, теңге туралы қызықты деректер, сөзжұмбақ, «Нарықты зерттеу», Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар бағдарламасы бойынша «Теңгенің жаңа моделін құру» сайыстары болды.Іс шараға студенттер толық атсалыса білді, тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.