Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Қарашаның 20 сы күні «Ауыл шаруашылық техникалық қызмет көрсету және жөндеу»  мамандығында оқитын ТО-28 тобына «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету,  қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпы ұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету.

Білім алушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп  және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып сабақты қорытындылады.

Сабақ барысында әр түрімен өтетін СТО технологиясының элементтері:ой қорыту кестесі, миға шабуыл әдісі, топтық жұмыс, деңгейлеп саралап оқыту технологиясының элементі, Блум таксономиясы, «Фишбоун» әдісі және «Мозайка» әдісін пайдаланды.

Білім алушылар сабаққа жақсы ат салысты. Пән оқытушысы Самыратова Ләйлә Абдрахманқызының сабағы жақсы деңгейде өтті.