Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде студент жастардың бос уақытын тиімді және пайдалы өткізу мақсатымен көптеген үйірмелер жұмыс жасайды. Соның ішінде дарынды да білімді студенттердің басын қосқан «English club» үйірмесі болып табылады. Үйірме жетекшісі жас маман Әлімбай Ф.М.

Үйірменің басты мақсаты: ағылшын тілінен оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, грамматикалық ережелерді еске ала отырып, тілді еркін меңгеріп, сөйлей білуге үйрету.

Үйірме әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері болады. Үйірме барысында студенттер диалог құрып, ертегілер оқып рөлдерге еніп, өлеңдер айтады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек»-деген. Сол себепті білімді жастарымыз заман талабына лайықты, білімді тұлға болу үшін әлі де зор еңбек ету керек.Үйретері көп үйірменің әлі алдағы қойған мақсаттары жетерлік. Болашағымыз жастардың қолында демекші, білім нәрімен сусындаған жастардың әлі үйренері, басқаларға үйретері де көп деген сенімдемін.