Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Желтоқсанның 11 –і күні колледжімізде «Желтоқсанның жаңғырығы – Тәуелсіздік» атты кеш өтті.

Кештің мақсаты: Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, білім алушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. Білім алушыларға патриоттық тәрбие беру. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Желтоқсан оқиғасының куәгері Дәмет Есенжолқызымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Сонымен қатар №2Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханашысының қызметкері Зайра Сансызбайқызы «Ұлы Дала ұрпақтарынан жеткен Тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесімен білім алушыларды таныстырды.

Кеш барысында бейнекөрсетілім көрсетіліп, әндер, көркем сөздер оқылды. Еліміз тәуелсіздік алу кезеңіне дейінгі Елбасының жасаған еңбегі жайлы әңгімеленді. Кеш соңында қатысушы куәгерді марапаттау рәсіміне ұласты. Жалпы іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.