Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Әлем тізгіні-білімдінің қолында» тақырыбында өткен онкүндікте ұлт мақтанышы қоғам қайраткері, ақын, ағартушы, түріктанушы Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай «Тіл білімінің –атасы Ахмет» атты әдеби кеш өтті. Кешімізге колледж студенттері жоғары деңгейде атсалысып Ахмет атамыздың өлеңдерін, мысалдарын нақышына келтіріп мәнерлеп жатқа айтып берді. Кеш барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалары насихатталды.