2018 жылдың 13- желтоқсан күні Арқалық политехникалық колледжінде қосымша білім беру педагогы Хамзина Салтанат Мырзалиевнаның ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 27-жылдығына арналған «Жігіттің сұлтаны -2018» атты сайысы өтті. Сайысқа 9 студент қатысты. Қатысушы сұлтандарға алдын –ала жеребе тасталды.
Сайыс 5 бөлімнен тұрды:
1-ші сайыс «Біздің елдің жігіттері, жігіттердің сұлтаны»
2-ші сайыс «Өнерлі өрге жүзер»
3- ші сайыс «Білімді мыңды жығар» білім сайысы
4-ші сайыс «Біздің күшіміз бірлікте»
5-ші соңғы сайыс «Сымбаттылық сыры»
Сұлтандарымыз барлық сыннан сүрінбей өтті. Біреуі ән айтып, би билеп, ал біреуі көркемсөз оқып өнерлерін көрсетті. Спорт сайысында гір тасын Қуаныш Еркебұлан 79 рет көтеріп, ерекшеленді. Қорыта келгенде,
«Жігіттің сұлтаны-2018» атағына ТО-31 тобының студенті Қуаныш Еркебұлан, және «Сегіз қырлы , бір сырлы» номинациясына ТО-18 тобының студенті Латен Мақсат иеленіп, 20 желтоқсанда өтетін қалалық «Жігіт сұлтаны-2018» сайысына жолдама алды.
Э-31тобының студенті Асылбеков Өмірсерік «Өнерлі жігіт», ТО-18 тобының студенті Сұлтан Ерхан «Сері жігіт», Э-21 тобының студенті Сейтқұл Мирас «Парасатты жігіт», Ф-11 тобының студенті Қалдыбай Нұрдаулет «Сымбатты жігіт», ОП-17 тобының студенті Жұмабай Ерсұлтан «Білімді жігіт», П-01 тобының студенті «Білекті де шымыр жігіт», ТО-21 тобының студенті Төлегенов Сенимжан «Көрермен көзайымы» номинациялармен марапатталды.