Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Жыл он екі айдың желтоқсаны келгенде үлкен-кішіміз әбігерге түсіп, небір түрлі-түсті жарқырауық моншақтарға оранған жасыл шыршаны, Аяз ата мен Қарша қызды күтеміз. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндеріміз асыға күтетіні анық. Міне, осы кішкентей бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шырша мерекесін колледж мұғалімдерінің балаларына арнап, КДМ ұжымының ұйымдастыруымен «Қош келдің жана-жыл!» атты ертенгілік өткізілді. Студенттеріміз бүлдіршіндерге деп даярлаған қызықты мерекелік схналық көрініс көрсетіп, ертегілер кейіпкерлері қонаққа келіп, қарша қыздарымыз әсем билерін билеп, мерекелік қуанышты көңілді сый құрмет көрсетті. Балалар әр түрлі ертегілер кейіпкерлерінің киімін киген, барлығы әдемі, тура сиқырлы елде жүргендей. Сонымен қатар, ертенгілікте жана жылдық байкау өткізілді. Мерекеге ерекше киініп келген, жана жылдық ерекше тақпақ айтқан, аяз атаға арнап өлең айтып, би билеген бүлдіршіндерге кәсіподақ ұйымының атынан түрлі ойыншықтар сыйлыққа беріліп, аяз атаның қолы қойылған мадақтамалар мен марапаттарға ие болған бүлдіршін балғындардың қуанышында шек болмады. Ертенгілігіміз мерекелік би кешіне жалғасты.

Арқалық политехникалық колледжінің КДЖ жетекшісі: А.Х. Байжумина