Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық қалалық жасөспірімдер театрында колледжіміздің білім алушыларына арналған жаңа жылдық балмаскарад кеш өткізілді. Аяз атамен ақшақар, ескі жылмен жаңа жыл келіп, құттықтауларын арнады. Кдм ұжымы бұл кеште, заманаиу тұрғыда жаңа жылдық жаңа стильде топтық жаңа би көрсетті. Сонымен қатар, жаңа жылдық вальс биін арнады (жұптасып билеу). Әрі қарай кешімізде, «Ханшайым мен ханзада- 2019» сайысы өткізілді. Сайысқа 15 жұп қатысты. Сайыс 3-кезеңнен тұрды. Әр жұптар өздерін таныстырып, көрермендер алдында бар өнерлерін ортаға салып бақтарын сынады. Әділ қазылар алқасы әділ бағаларын беріп, ТО-41 тобының білім алушысы Әмірбек Рүстем. ТО-21 тобының білім алушысы Жусупова Майра ерекше өнерлерімен алға шығып «Ханшайым мен ханзада- 2019» сайысының жеңімпаздары болып анықталды! Кешіміз әрі қарай жаңа жылдық би кешіне жалғасты.