Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Елбасымыз осы уақытқа дейін де «Ел ертеңі - жастар» Еліміздің болашақтағы дамуы мен гүлденуі жастардың қолында, яғни болашақты құрушы - білімді жас ұрпақ деген болатын. Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің таланттыда, дарынды жастарына қолдау көрсету арқылы, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде еріктілік, азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында Елбасымыздың 2019 жылғы «Жасатар жылына» байланысты, колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитетінінің жетекшісі А.Х. Байжуминаның ұйымдастыруымен, колледжішілік топтар арасында «Ең үздік еріктілер» тобы байқауы өткізілді.

Байқауға 1-2-3 топтар арасынан, бас аяғы 12 топ қатысты. Байқау 4- кезеннен тұрды.

1. Еріктілік тобының аты, ұраны

2. Еріктілік әуенді қозғалыс «Флеш моб»

3. «Ең үздік қайырымдылық акциясы» (қаламыздағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетіп. Қаламыздың қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп жұмыстар жасау.

4. Қысқы құстарды коректендіруге ат салыс!!! (Құстарға қамқорлық акциясы, ұяшық жасау)

Атқарылған жұмыстарды презентация арқылы қорғап көрсету.

Байкауымызға әділқазы мүшелері ретінде шақырылған қонақтарымыз: Жастар ресурстық орталығының маманы, қалалық «ZhasA» еріктілер штабының жетекшісі Қияшев Дүйсен Қуанышбекұлы, «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалының кеңесшісі Рахметов Жандос Ерғазыұлы, колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С. Ахметова келіп, студенттеріміздің өнеріне тәнті болды. 4- кезеңнен тұрған байқауымызға барлық топтар сүрінбей өтіп, жасаған ерен еңбектері бағаланып, әр топ өздерінің ұйымшылдықтарын көрсете білді. Көрермендерімізге ерекше ой қалдырғаны балалардың жасаған қайырымдылық акциясы болды. Яғни әрбір топ қаламыздағы жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын соза, енді біреулері қала сыртындағы ардагер тұрғындардың үйіне барып өз қолғабыстарын тигізгені.

Қайырымдылықты тек белгілі уақытта ғана емес, әр күні кез-келген жерде, кез келген уакытта жасауға болады. Сонымен қатар, қысқы құстарға жылы ұя жасап, табиғатымызды аялап, қамқорлық көрсетіп, қаламыздың қоғамдық жерлеріндегі ағаштарға орнатты. Бұлда болса әр баланың жүрегінде жақсы тәрбиелі сезімнің қалыптасуына зор орасан үлес қосады. Әр түрлі флешмоб билеп, рухани жаңғырды десекте болады. Бүгінгі байқауда, көрермендердің ерекше көңілінен шығып. Нағыз «Үздік еріктілер» тобы атанған ТО-31 тобы болды. Сонымен қатар Ф-21 тобыда өздерінің жасаған жақсы игі істерімен алға көрініп 1-ші орынды иеленсе. ТО-21 тобы 2-ші орынға ие болды. Оп-17 тобы 3-ші орынды иеленді. Жақсы сый сыяпаттармен марапатталды. Қалған қатысушы топтарымыз алғыс хатпен марапатталды.Сонымен қатар қаламыздан өндірілетін «Ая» торт жекеменшік серіктестігінің тәтті торттары сыйға тартылды.