Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

2019 жылдың 16 ақпанында Арқалық политехникалық колледжінде Ауғанның отты жылдары атты ауған соғысының ардагері Кабуров Ербұлан Сұлтанұлымен кездесу кеші өтті. Кабуров Ербұлан Сұлтанұлы 1962 жылы 26 қазанда қазіргі С.Қ.О Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Жаңажол ауылындағы орта мектепті бітіріп, осы жылы 1980 жылдың 28-ші қазанында өзінің Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Түркіменстан (Ашхабад) қаласында 6 айлық оқу жаттығуында (учебка) болып, БМП-2 новодчик оператор қызметін атқарады. 1981 жылдың 13 мамырында 150 адамдық ТУ-154 ұшағымен Ауғанстанға (Кабулға) жібереді. Аудан орталығынан Ербұлан Сұлтанұлымен бірге тағы 3 жігіт бірге болған.

Студенттер ардагерге бірнеше сұрақтар қойып, ауған соғысының зардабы жайлы мәліметтер алды. Кеш соңында колледж директоры құттықтау сөз сөйлеп, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлес ағамызға алғыс хат табыстады.