Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

22/11/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде 11-16 ақпан аралығында «Қызмет көрсету саласы топтамалық әдістемелік комиссиясының» «Білім берудегі шығармашылық тәжірибелер» тақырыбында апталығы өткізілді.

Апталықтың мақсаты оқу үрдісінің инновациялық формалары мен әдістерін көрсету, оқу құралдарын қолданудың дидактикалық тиімділігін талдау, ғылыми ұйымдастыру әдістерін жинақтау және оқу үдерісінің сапасын бақылау. Колледж білім алушыларының  құзыреттілігін  арттырып, сабақтан тыс шаралардың әдістемелік әдіс-тәсілдерін меңгертіп, танымдық қызығушылықтарын ояту, білім алушыларының мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Апталықтағы ашық сабақтар, іс шаралар жоспар бойынша өткізіліп отырды.

Топтар өз мамандықтары жайлы қабырға газеттерін шығарып іліп, көрме әзірледі.

Омарова Г.А. арнайы пән оқытушысы Ф-21 тобында экономика пәні бойынша

«Экономикалық білім заман талабы» тақырыбында викториналық сабағын, Сейдалы Қ.А.. арнайы пән оқытушысы Ф-21 тобының студенттерімен «Тамыр жемстілерді жинау технологиясы және машиналары» тақырыбында ашық сабақ, Нұрманбетова А.С. осы топта «Ауылшаруашылығы зиянкестері және олармен күрес шаралары» атты ашық сабақтарын өткізілді.

Сызу пәнінің оқытушысы Досымов Т.Д. ТО-21, Э-21 топтарының студенттері арасында пәндік олимпиада өткізіп, үздік студенттерге мақтау қағаздарын табыстады.

Колледжішілік WORLDSKILLS АПК-2019 үздік маман сайысы келесі мамандықтар «Аспазшы», «тігінші модельер», «Шашатараз» бойынша өтті. «Аспазшы» тобында ӨО шеберлері Хасенова С.С., Еденова И.Е., «Тігінші модельер» ӨО шебері Жапаргалиева А.Ж., «Шашатараз» ӨО шебері Ельясова М.Ж. сайыстың ережесін Қостанай облысында өткізілген WORLDSKILLS чемпионатының үлгісімен жасап, жоғары денгейде өткізді. Сайысқа қатысқан білім алушылар сертификаттармен, дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар апталықта «Көкпар» интеллектуалдық білім сайысын ӨО шеберлері Бекеева Д.Х., Ахмет Т.М. ОП-17 тобында өткізді. Сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайыстан жеңген білім алушыларға мақтау қағаздары табысталды.

Студенттердің барлық жоспарланған іс-шараларға белсене қатысуы апталықтың жемісті өтуіне септігін тигізді.