Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

11 -16 қаңтар аралығында коллеждімізде өткен «Қызмет көрсету саласы» бөлімінің апталығы аясына 13 қаңтар күні «Ферма шаруашылығы» мамандығының Ф-21 тобында «Ауылшаруашылығы өндірісін механикаландыру және электрлендіру» пәнінен «Тамыр түйнек жемістілерді (картоп) жинау тахнологиясы және машиналары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың мақсаты: Білім алушыларға картоп жинау технологиясын түсіндіріп, жинау тәсілдеріне қарай қолданылатын техникаларды таныстыру. Білім алушылардың тамыр түйнек жемістілерді жинау машиналары туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және жаңа мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.

Ашық сабақ Агрономия, Ауылшаруашылық техникаларына қызмет көрсету, Ағылшын тілі, Еңбек қорғау секілді бірнеше пәндермен байланыстырылып, әр түрімен өтетін СТО технологиясының элементтері: ой қорыту кестесі, миға шабуыл әдісі, CLIL технологиясының элементтері, топтық жұмыс, деңгейлеп саралап оқыту технологиясының элементі, интелектуалды карта, SWOT әдісі, Блум таксономиясының бағалау жүйесі оқыту әдістері қолданылды.

Үй тапсырмасы: «Интелектуалды карта» толтыру

Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі. Әр топқа берілген заманауи техникаларды келесі топқа жарнамалау кезеңі.

Оқулықпен жұмыс. Кесте толтыру кезеңі және «Ерекше мәтін» берілген мәтіндегі ерекше сөздерді ағылшын тілінен аударып мәтіннің мағынасын ашу.