Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

22/11/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Педагогикалық оқудың өткізілуі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру"  атты Жолдауына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес «Тәрбие және білім» бағыты аясында өткізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы екінші бөлімде мемлекетіміздің таяу жылдардағы міндеттері нақтыланған. Тұтастай білімнің жаңғыруына негізделген бағытта жастардың рухани жігерін патриотизммен байланыстырған. Мемлекет алдындағы міндет ұлт болашағының саналы болуы үшін аянбай еңбек ету қажет. Бүгінгі бала ертеңгі күні туған жерін түлетуші тұлға. Ал, оларға бағыт-бағдар беруші оның ұстазы яғни  оқытушылар.

Бүгінгі педагогикалық оқудың негізгі мақсаты - білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, білім алушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірбиелерді жинақтау, тарату. 

Педагогтердің ғылыми - зерттеу әрекетін ынталандыру, талантты педагогтерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау, педагог - зерттеуші еңбегінің беделін арттыру, педагогикалық тәжірибені жалпылау түрлерін жетілдіру, педагогтердің ғылыми - әдістемелік және практикалық қызметін насихаттау болып табылады. 

Педагогикалық оқуға тәжірибесі мол 34 оқытушы қатысып, жұмыстары ұсынылды. Барлық жұмыстар сарапталып, қаралып, жинаққа еңгізілді.

Қазақ тілінде 26  мақала, орыс тілінде 7 мақала, латын қарпінде 1 мақала жинақталды. Жинақталған мақалалардың ішінен  үздік деп танылған  Жайлаубаева Г.М., Нұрманбетова А.С., Бейсенгалиева А.Ғ., Алекешов Ғ.Х., Самыратова Л.А., Қоқашова Г.А., Сейдалы Қ.А. баяндамалалары тыңдалатын болады. Әр баяндамашыға берілетін уақыт 7 минут, сұрақтар қою 2 минут.

Педагогикалық оқудың ережесі бойынша оқытушылар өздерінің тың идеяларымен таныстырып, ортаға салу. Өздерінің зерттеп жүрген жұмыстарының өзектілігі, құндылығы, зерттеу мақсаты, нәтижесі, ұсыныстары жөнінде пікірлері тыңдалады. 

Арқалық политехникалық колледжі Қостанай облысында техникалық және кәсіптік білім беруде жетекші оқу орындарының бірі.

Біздің мақсатымыз - білім алушыларымызға сапалы білім беріп, соның арқасында жоғары білікті маман болуға қолдау көрсету. 

Педагогикалық оқуға қатысушыларға, колледж директоры Оспанов А.С. нәтижелі және тиімді пікір алмасулар мен жемісті шығармашылық жұмыстар тіледі.