Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Қызмет көрсету саласы топтамалық әдістемелік комиссиясының» «Білім берудегі шығармашылық тәжірибелер» атты апталығында «Модельер пішуші» мамандығы бойынша колледжішілік WORLDSKILLS АПК-2019 үздік маман сайысы өтті. Сайысты ұйымдастырған модельер-пішуші мамандығының өндірістік оқыту шебері Жапаргалиева Асемгул Жаксылыковна.

Сайыстың ережесі Қостанай облысында өткізілген WORLDSKILLS чемпионатының үлгісімен жасалды. Бұнда топтан үздік деп танылған 4 білім алушы қатысты. Бағалаушы 2 топ болды, бірі іштей объективті бағалаушы (эксперт), сырттай субъективті бағалаушы әділ қазылар болды.

Сайыс үш модульдан тұрды:

1. Модуль А. «Тест сұрақтары»;

2. Модуль В. «Күртешені манекенге инемен қадау әдісі арқылы әзірлеу»;

3. Модуль С. «Күртешеге сәндеу бұйымын әзірлеу әдісі»

Берілген тапсырмаларды білім алушылар көрсетілген уақыт бойынша жасап, әділ қазыларға ұсынып отырды. Сайыс қызықты да тартысты өтті. Жалпы сайысқа 2 сағат 25 минут уақыт берілді. Сайыскерлер берілген модульдер бойынша тапсырмаларды өз уақытында жасап, әділ қазыларға ұсынып отырды. Сайыс нәтижесі бойынша Гран При, І орын, ІІ орын, ІІІ орындар берілді. Гран Приге Сүиінғара Аружан ие болыд, І орын–Болатбай Мәдина, ІІ орын–Асхатова Ләйла, ІІІ орын Темірәлиева Тоғжан дипломмен марапатталды.

Қатысушылардың сайыс тапсырмасын орындауда.

Эксперт мүшелері.

Сайыстың нәтижесі.