Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

22/11/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Мақсаты: Отбасы  тәрбиесіндегі  жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу,балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу;

Өткізу технологиясы: Дөңгелек үстел аясында

Кездесудің әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, ой-бөлісу, талқылау, тілек шырағы тренинг жаттығуы

Көрнекіліктер: Фотосуреттер. «Қазақ қызы бүгінгінің қандайсың?» Видеоролик  «Ұлттық тәрбие»  видеоролик слайдтар, пайдалы кеңес туралы ақпарат парақшалары.

Колледжімізде  қыз балаларымызды жинап, кездесу өткізілді. Бұл кездесудің өтілу себебіндегі мақсатымыз,   отбасы  құндылықтары  дегенімізді білу, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,  қызбалаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. Тәрбие  отбасынган басталады дегендей сіздермен бірге ашық түрде әңгімелесіп пікірлесіп, сырласа отыра отыруды жөн көрдік. Отбасымыздағы тарбие түзелмей, елдің көсегесі көгермейді, болашақ түзелмейді.  қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

«Аналар кеңесінің» төрайымы, зейнеткер, еңбек ардагері,  ұстазымыз Қалтаева Бақытжамал  Аяғанқызы.   Жастар ресурстық орталығының әдіскері Қоянбаева  Лаура Асқарбекқызы  кездесуімізге келіп өз ойларымен бөлісіп, пікір алысып әңгіме жүргізді.

Отбасының екі тірегі, әлпештеген әкемен аялаған ана. Ата-анаға үлкен  қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, ананың ақ сүтін  өтеу-біздің  борышымыз.   Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз  ойымызды ортаға салдық.  Қазіргі  заманымызда қыз бала  тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді, сөз кезегін Бақытжамал апайға  бердік.  Қазіргі кездегі   отбасы тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?  Қыздарға берер қандай  ақыл-кеңесіңіз бар?  деген сұрақ қойылды. Бақытжамал    апай  өз өмірінен өткен жолдарынан жақсы тәлімді  тәрбиелі маңызы зор аңгіме айтып, салыстырмалы түрде қазіргі заманауи  тұрғыдағы  жастарымыздың түрлі іс-әрекеттеріне көңілінің толмайтынын айтып, кейбір өзекті мәселелерді қозғап тәлімді тәрбиелі ойымен  бөлісіп   пікір алмасты. «Қазақ  қызы бүгінгінің қандайсың?»  атты бейнефильмі  көрсетіліп, қыздарымыз өз ойларымен ашық түрде  жан-жақты  талқылады.

Сонымен қатар,  әр тұрлі сетуациялық жағдайлардан  қалай шығу жайында,  жағдаяттан қалай шығасың?атты  тапсырмалар беріліп, мақал-мәтел жағасын тауып  қыздарымыз  өз мүмкіндіктерінше  орындап берді. Ал келесі сөз кезегін Жастар ресурстық орталығының әдіскері Қоянбаева  Лаура Асқарбекқызына бердік, қаламызда, қандай Жастардың уақытын тиімді пайдаланатын қызықты қандай орындар бар? деген сұраққа   өз жауабын айтып берді. Отбасы  баланың тәрбиесі өте салмақты, бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды. Тоқсан ауыздың тобықтай түйінін келтіріп, бүгінгі кездесуімізде бірнеше мәселелер қаралып, талқыланып жақсы ақыл кеңестер берілді деп ойлаймын. Отбасы, ұшқан жанұя-жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.  Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың   түтіні түзу болу үшін  «Тілек шамы» жаттығуын  жасап, бүгінгі кездесуімізден алған әсерлдеріңмен бөлісіп, бір-біріміне тілек айта отырып Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар!  Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар!  деп қыздарымыз бір-біріне тілектерін білдіріп, кездесуімізді аяқтадық. 

Қыздарымызға, бойжеткен шағына дейін ақыл-кеңесін айта отырып, салт-дәстүрімізді бойына дарытып, әйел-ана атануда  асыл  қасиеттерді  санасына сіңіру  керектігі нақты айтылып отырса, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, ибалыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, шыншылдыққа баулып отырсақ, біздің қазақ қыздарымызнағыз ұлтжанды  болатыны анық.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі А.Х. Байжумина