Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

2019 жылдың Ақпан айының 21 жұлдызында Арқалық политехникалық колледжінің Мәжіліс залында «Ғажайыптар алаңы» капитал шоу  атты сабақтан тыс іс шарасын арнайы пәндер оқытушысы Қалжанов Н.А. және өндірістік оқыту шебері Тойшыбеков Б.О. ұйымдастырылып өткізілді. Бұл сайыстың мақсаты білім алушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы ойыншыны  анықтау.

Капитал шоуға ТО-28 тобының (Амангалиев Абзал, Балғабай Нұрдаулет, Байқула Елжас, Бәйділдин Досбол), ТО-31 тобының (Ізбасты Нұрасыл, Әділхан Жандос,Акбаров Диас) және де ТО-38 тобының (Тулегенов Сенімжан, Түркістанбай Нұрғиса) студенттері қатысты.

Ойынның шарттары мынандай ережелерден тұрды:

Ойын 3 кезеңнен: 1, 2, финалдық кезеңнен және Супер Ойыннан тұрады. Кезеңді жеңген ойыншы финалға көшеді, солай үш кезеңнің жеңімпаздары финалдық үштікті құрайды.

Әр кезеңде 3 ойыншыдан қатысады. Ойын барысында қатысушылардың міндеті жасырылған сөзді әріп әріппен, немесе толық айтып табу.

Ойыншыға кезек келген кезде, ол барабанды айналдырады, егер сөзді біліп тұрса толық айта алады. Сөзді толық дұрыс айтпаса, ойыншы ойыннан шығады. Барабан 8 сектордан тұрады.

Олар: ұпайлар секторы – 50, 100, 150, 200 және 250 ұпай сандарынан тұрады, ойын барысында жиналған ұпай саны соңында есептеледі.

Жүлде секторы – барабанға түскен жүлдені таңдаған ойыншы бұдан бұлай ойынға қатыспайды немесе жүлдені алмай 500 ұпай таңдап ойынды жалғастыру құқығын иеленеді.

Банкрот секторы - банкрот секторы түскен ойыншының барлық жиналған ұпайлары күйіп кетеді.

Плюс секторы -  яғни кез келген әріпті ашу секторы.

Тартысты ойын қызықты да көңілді өткізіліп «Ғажайыптар алаңы» капитал шоуының әр қатысушысы сыйлық иеленіп және де жеңімпаз анықталды. «Ғажайыптар алаңы» капитал шоуының жеңімпазы ретінде ТО – 31 тобының студенті Ізбасты Нұрасыл иеленді. Соңғы кезең Супер ойын ойнап жүлдеге тігілген негізгі сыйлықты жеңіп алды..