8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Арқалық политехникалық колледжі жанынан құрылған «ARTишок» театр үйірмесінің ұйымдастыруымен «Сұлулық әлемді құтқарады» деген ұранмен «MissAPK-2019» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты қыз баласының бойындағы әсемдік пен тәрбиеліліктің негізін насихаттау. Сайысқа 1-3 курс арасынан 9 қатысушы қатысты. 4 кезеңнен тұратын сайыста арулар өз өнерін, ұшқыр ойын, тал бойы мінсіз сұлулығын паш етті.
Колледждің ең сұлу аруын таңдау мәртебесі Арқалық қаласы Жастар ресурстық орталығы маманы, Колледж аруы-2018 Сарсенбаева Кенжегүл және іс-шараға демеушілік танытып, қатысушыларды дефиле сайысында авторлық сән бұйымдарымен қамтамасыз еткен «Arcomor» сұлылық салоның негізін қалаушы Есембаева Арайлымға табысталды. Қатысушы арулардың өнерін тамашалаған әділқазылар алқасы аруларды келесі номинациялармен марапаттады:
«Мисс грация» - Қабдығалық Камилла
«Мисс эрудиция» - Кенжебек Айсулу
«Мисс артистизм» - Қожантаева Назерке
«Мисс пластика» - Мутасеевич Фатимаханым
«Мисс шарм» - Гнедаш Александра
«Мисс золотой голос» - Галкина Анастасия
«Мисс очарование» - Жусупова Майрам
«Мисс креатив» - Зейнуллина Жанерке
«Мисс позитив» - Султанбек Айша
«ІІ вице Мисс» - Кенжебек Айсулу
«І вице Мисс» - ЗейнуллинаЖанерке
«Мисс АПК – 2019» - Гнедаш Александра
Және де сайыс демеушісі Арайлым өз фавориті ретинде Кенжебек Айсулуды таңдап, өзінің авторлық әшекейін ұсынды.
Кештің музыкалық әрлеуін КДМ жастарынколледждің нәзік жандарын құттықтау мақсатында өткізді. Кеш мерекелік көңіл-күймен аяқталды.