Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

9 мамыр жеңіс күніне орай колледжімізде Ә.Молдағұлованың 95 жылдығына орай «Соғып тұр батыр қыздың жүрегі әлі» атты тарихи кеш өтілді. Кештің мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, білім алушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; өзін қоршаған ортада жаман мен жақсыны ажыратып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге, батырдың ерлігін үлгі тұтуға үйрету; Отаннын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу, өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру.

Кеште Ә.Молдағұлованың «Мергендер» фильмінен үзінді көрсетіліп, білім алушылар сахына төрінде Әлияға арналған көркемсөздер айтылып, «Әлия» әнімен кешіміз аяқталды. Ә.Молдағұлованың 95 жылдығына арналған тарихи кеш жақсы деңгейде өтті. Кешті өткізген және ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірінші санатты оқытушысы Калкаева Гулшат Тұрсынбайқызы мен кітапханашы Самыратова Ләйлә Абдрахманқызы.