Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Алдында ақыл берер қария ғой,
Жақсылар жақсылыққа жария ғой.
Жастарға ол парасатты кеңес берер,
Сөзге бай ағып тұрған дария ғой – дей келе Арқалық политехникалық колледжінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты, білім алушыладың ата-әжелеріне арналған, салтанатты концерт өтті. Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауы болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі, ендеше, ақ жаулықты аналарымыз, асыл әжелеріміз, ардақты аталарымыз аман болсын, ағайын!

Директордың ТЖ жөніңдегі орынбасары Ахметова Салтанат Сериковна