Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

23/11/2024  Сенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Ұлттық рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне – 28 жыл. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз – бүкіл әлемге Қазақстан елінің мемлекеттік бейнесін паш етті. Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту да әр сәт сайын төбемізде желбіреп тұр. «Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес бізге керегі, Көк тудың желбірегені» екені даусыз. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал суретші Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі. «Менің Қазақстаным» – бұл қазақтың жаны. Қазақтың әнұраны – ұлттың табиғи болмысы. «Елдіктің дастаны, Еліме қарашы!» деп келетін жыр жолдары – ұлттың ұлылығын көрсетсе керек. Қазақ даласын мекендеген ұлт пен ұлыстардың бәрі мемлекеттің рәміздерін айрықша қастерлейді, ардақ тұтады.

Қазақстан Республикасының Рәміздер күні қазақ елі үшін аса маңызды мереке! Биыл Мемлекетіміздің Рәміздеріне 28 жыл толды. Ұлттың рәміздері – мемлекеттің ұлттық белгісі. Осыдан 28 жыл бұрын ел тәуелсіздігін алған тұста алғаш рет еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілді. Атап айтқанда, 1992 жылдың 4 маусымы – тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.

Қашықтықтан оқытуға байланысты Рәміздер күніне орай іс-шаралар онлайн түрінде өткізілді, атап өтсем топ жетекшілер темитикалық тәрбие сағаттарын өткізсе, білім алушылар өлең шумақтарын оқып бейнебаспалар әзірледі. Ең үздік жұмыстар колледжіміздің Инстаграм парақшасына жарияланды.

Осы мерекеге орай биыл екі жатақаханамыздың қасбетін безендіруге ерекше көңіл бөлінді. Нақты айтсам, Шақшақ Жәнібек көшесінде орналасқан №1 жатақханаға мемлекеттік тулардан ою жасасақ, түңгі уақытта Әуелбекова көшесінде орналасқан №2 жатақханасында терезелердің шашымен «KZ» жазуын жасадық.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеп қоймай, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамытады.