Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Болашағымыз –балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Осы мақсатта, маусым - Балаларды қорғау күніне орай «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Балаларға қуаныш сыйла» атты акция ұйымдастырды. Бұл шара Арқалық политехникалық колледжінде де жалғасын тапты. Шараның мақсаты – көп балалы отбасынан шыққан және мүгедек балаларға қолдау көрсетіп, жүздеріне күлкі сыйлау. Осы аталған шараның мақсатына орай, колледжіміздің кәсіподақ төрайымы Қоқашова Гүлден Ақзабайқызы колледж қызметкерлерінің 9 бүлдіршініне сыйлық тарту етті. Ертеңгі елдің болашағы - балалар бақытты өмір сүруге құқылы. Сондықтанда, жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!