Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Білім күні құтты болсын!

01.09.2020 жылы «Арқалық  политехникалық колледжінде» білім куні  қашықтықтан аталып өтті.  Колледжіміздің директоры Карбозов А.К. оқытушыларды және студенттерді  жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Баршамыз үшін бұл - үлкен сын, дегенмен колледжіміз жаңа оқу жылына қашықтықтан оқуға дайын.

Қымбатты студенттер, оқытушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Білім күні – жаңа оқу жылында жаңаша серпін, үздіксіз талпыныс, қажырлы еңбек керек. Ол үшін талапты студент пен ізденімпаз ұстаз тығыз байланыста болуы шарт. Сонда ғана жаһандану кезеңінде жаңа инновацияларды еркін меңгеріп, ғылым мен білімнің әлемдік аренаға жол ашуына кедергісіз қол жеткіземіз.

Осынау айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық ізденіс пен үлкен жетістіктер тілейміз. Жаңа оқу жылы жағымды жаңалықтарға толы болсын!