Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Сіздерді Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 80 жылдық мерей тойымен құттықтаймын.

Заман талабына сай жұмысшы және  орта буын мамандарын әзірлеп келе жатқан жоғары білікті, кәсіби іскерлігі шыңдалған оқытушыларымен, заманауи техникалық жабдықтармен, сапалы оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 80 жылдық тарихы бар.

Сіздер айтарлықтай мол табысқа жеттіңіздер, өздеріңіздің барлық білімдеріңізді, күштеріңізбен жігерлеріңізді техникалық және кәсіптік білім беру ісіне арнап отырсыздар.

Осындай абзал істеріңізде аянбай еңбек етіп жүрген  сіздердің ерен еңбектеріңізге, мейірімді жүректеріңізге алғыс білдіреміз. Оқу-тәрбие үрдісінде кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында  мыңдаған жұмысшы және  кәсіби мамандар ұшырып, олардың қоғамда өз орнын табуына қосқан үлестеріңіз мол.

Сіздерге мықты денсаулық, күш-жігер, баянды бақыт және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз! Елімізде кәсіптік саланы дамытуда,  сапалы қызмет көрсету бағытындағы  абзал еңбектеріңіз жанып, алдарыңыздан бәсекеге қабілетті, білімді, әрі білікті  мамандар шыға  беруіне тілектеспіз!

                                                                  

Құрметпен Арқалық политехникалық
колледж ұжымы,
Колледж директоры Карбозов А.К.