Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығын мерекелеу аясында
«Менің жүрегімнің колледжі» тақырыбында эссе

 Арқалық политехникалық колледжі - Қостанай өңірінің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жетекші оқу орындарының бірі. Мұнда біз кәсіби дағдылар мен болашақ мамандығымыз үшін жаңа білім ала аламыз. Колледжде өзіміздің қабілеттерімізді дамытуға және басқалармен араласа отырып, жаңа нәрселерді, жақсы дағдыларды игеруге барлық жағдай жасалған. Біз жаңа білім беру бағдарламалары бойынша білім аламыз, оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми, дамытушылық зерттеулер жүргіземіз, қызықты жастар жобаларына қатысып, оларды нақты өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз.

Арқалық политехникалық колледжінде түрлі саладағы мамандықтар бар. Тоқтала кетек болсам: «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Электр және электрмеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», Фермер шаруашылығы  (бейін бойынша)

Арқалық политехникалық колледжінде оқуға түскен студенттердің өкінбейтініне кәміл сенемін. Сондықтан ойланбастан біздің колледжге оқуға түсуге кеңес беремін.

Біздің колледжді таңдаудың нақты бес себебіне тоқталсам:

Бірінші себеп - білім сапасы.

Екінші себеп - қолжетімділік!

Үшінші себеп - студенттерге қамқорлық!

Төртінші себеп – қызықты сәттерге толы өмір!

Бесінші себеп - болашаққа деген сенімділік!

Арқалық политехникалық колледжінде алған білім заманауи талаптарға сай келеді, сондықтан біздің колледж түлектері өз ісінің білікті мамандары болып табылады.

 

ЭМ-22 тобының білім алушысы Темешов Ерасыл