Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінің «шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының  білім алушылары арасында «шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша колледжішілік Worldskills-2021 чемпионаты өткізілді.

10.03.21-11.03.21 аралығында  Арқалық политехникалық колледжінің шаштараз мамандығының  білім алушылары арасында «шаштараз өнері» і құзыреттілігі бойынша колледжішілік Worldskills-2021 чемпионаты өткізілді. 

Сайыстың мақсаты:

- «Шаштараз»  мамандығына ынталы жастарды тарту арқылы дарынды мамандарды анықтау;
- студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру;

Жалпы сайыс төрт модульден құрылды.

 1модуль «А»  Әйелдердің  шаш үлгісі «Каскад».
 2модуль «В» Ұзын шашқа арналған кешкі шаш сәні.
 3модуль «С»  Әйелдердің  шаш үлгісі «Каре».
 4модуль «Д» Ерлердің моделдік шаш үлгісі.

Сайыста төрт білім алушы қатысты. Олар: Нұрланқызы Ұлтуған, Букесова Диана, Трешкина Валерия, Мизамбаева Алтын.

1 орынға Букесова Диана, 2орынға Трешкина Валерия, 3 орынға Мизамбаева Алтын, 4 орынға Нұрланқызы Ұлтуған  ие болды.

Қатысушылар өз шеберліктерін  көрсетіп белсене қатысып ат салысты. Шаштараз шеберханасы замануи құрал-жабдықтармен, техникалармен жабдықталған. Әр қатысушы өз өнерлерін іске асырып әр түрлі шаш сән үлгілерін көрсете алды. Жоспарға сәйкес ұйымдастырылған колледжішілік Worldskills-2021чемпионаты  уақытымен аяқталып, жоғарда айтылып кеткен білім алушылар орындарға ие болып мадақтама қағаздарымен марапатталды.