Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Арқалық политехникалық колледжінде Қарттар күніне орай 27 қыркүйек 1 қазан аралығында «Қарттарым – асыл қазынам!» колледжішілік акция ұйымдастырылды. Білім алушылар, топ жетекшілерінің басшылығымен, қария адамдарды құттықтап, азық-түлік пакеттерін, силықтарын табыстады.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз Сіздер, аман-есен жүргейсіздер!