Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/11/2024  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

1 қараша күні «Атамұра» үйірмесінің жетекшісі Г.А Қоқашованың ұйымдастыруымен үйірме білім алушылары «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының м.а., қазақ тілі курсының оқытушысы Смагулова Жазира Кабдоллаевнамен кездесті. Кездесудің мақсаты – білім алушыларға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Кездесу барысында Жазира Кабдоллаевна білім алушыларға латын графикасын түсіндіре отырып, жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз екенін айтты. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі.

Отырыс соңында білім алушыларға түрлі деңгейлік тапсырмалар ұсынылып, қойылған сұрақтарға жауап беріліп, осындай кездесулердің жиі өткізілуіне ұсыныстар айтылды.