Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

18 қараша күні Арқалық политехникалық колледжінде арнайы қонақтың, Арқалық қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Саяпин Василий Николаевичтың қатысуымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша лекция сабағы өткізілді.
Лекция "Біз есірткіге қарсымыз!" тақырыбында өтті. Аталған іс - шараның мақсаты – жастар арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымы проблемаларына назар аудару, есірткінің зияны туралы ойлануға түрткі болу.
Жасөспірімдерге есірткіні қолданудың салдары туралы бейнероликтер көрсетілді, ақпараттық кітапшалар таратылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткі құралдарын тарату ұсынылған жағдайда әрекет ету алгоритмі, сондай-ақ есірткі құралдарын өткізу және тұтыну үшін жауапкершілік шаралары, денсаулыққа тигізер зияны туралы айтылды.
Мұндай тақырыптық іс-шаралар жасөспірімдерге жағымды әсерін тигізеді және оларға дұрыс таңдау жасауға көмектеседі деп сенеміз!