2018 жылдың 23 ақпанында Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдаструымен қала оқу орындарының студенттері арасында тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған «Текті сөздің төресі-терме» атты қалалық жыршы-термешілер байқауы өтті. Байқауға Арқалық политехникалық колледж атынан П-01 тобының студенті Нұғманова Әсел «Жігіттерге өсиет» термесін орындап, жүлделі II-ші орынға ие болды.