Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/11/2024  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Жылдық жоспар бойынша «Жалпы білім беретін пәндер» топтамалық әдістемелік комиссиясының 6– 13  желтоқсан  аралығында «Білімді ұрпақ, заманауи ұстаз, зияткерлік талап» тақырыбында пәндік апталығы ұйымдастылып, өткізілді.

Мақсаты: Оқытудың жаңа технологияларын қолданып, білім алушылардың  танымдық белсенділігін көтеру,  жалпы білім беретін пәндердің кәсіби шығармашылығын таныту, білім алушыларға жан-жақты білім бере отырып, пән бойынша іс-шаралар сапасын арттыру.

Апталық барысында  желтоқсанның  6  жұлдызы күні  жоспар бойынша бірінші курстар арасында  пән оқытушылары Агибаев Р.М Бейсенбаев Т.О өткізуімен Дене тәрбиесі   пәнінен Көңілді мәре өтті.

Желтоқсанның  7  жұлдызы күні  жоспар бойынша Ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Топ білім алушылары  сабаққа аса қызығушылықпен қатысты. Оқытушы өзінің сабақты өткізу барысында білімділігін көрсете білді. Жалпы сабақ жақсы деңгейде өтті. Сабаққа қатысқан оқытушылар өз пікірлерімен бөлісті.  

Желтоқсанның  7  жұлдызы күні  сағат 15.00 сыныптан тыс іс –шара  «Эрудит» интеллектуалды ойыны  өтті. Ойынға 1курс білім алушыларынан 9 бала қатысты. Жалпы ойын өте қызықты өтті. Ойын ұйымдастырып өткізген тарих пән оқытушылары  Муратова М.К ,Токаева Э.М 

Желтоқсанның  8 жұлдызы күні  жоспар бойынша  Э-31 тобында  пән оқытушысы  Жодыбай Ерболат Мирашұлынын өткізуімен Дене тәрбиесі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.

Желтоқсанның 9 жұлдызында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен  Э-11 тобында ашық сабақ өткізілді. Пән оқытушы Толеухан А.

Желтоқсанның 9 жұлдызында сағат 15.00 математика және информатика пәндерден  «Білім бәйгесі» ойыны өтті. Осы ойынға қатысқан Э-11, АШМ-11, ЭГС-11 топтары.

Желтоқсанның  10 жұлдызы күні  жоспар бойынша  П-11 тобында  пән оқытушысы Тургаев Б.Б  өткізуімен химия пәнінен ашық сабақ өтті.

Түстен кейін «Ұлттың рухани байлығы -Тіл» орыс, ағылшын, қазақ тілі пәндерден сыныптан тыс іс –шара өткізілді.