Оқытушы - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарымыз жұмыс жасап келеді.
«Жас маман» деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын тұлға.
Тәлімгер деген құрметті атаққа ие болудың өзі -бір бақыт. Тәлімгер-өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Нағыз мықты тәлімгер ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Тәлімгер – тәлім- тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты адам.
21 қаңтар 2022 жылы өткізілген «Тәлімгер және жас маман педагогикалық дуэт» кәсіби шеберлік және тиімді тәлімгерлік беделі колледжішілік байқауының мақсаты инновациялық жүйеде жұмыс істейтін жас педагогтерді қолдау, колледж педагогтері арасында тәжірибелерін бөлісу, білім беру жүйесінде тәлімгерлікті дамыту болды.
Байқау 2 турдан өткізілді. Бірінші тур қашықтықтан, барлық қатысушылардың портфолиосы және «Оқытудағы инновациялар: жас маман мен тәлімгердің көзқарасы» тақырыбына жазылған эссе қарастырылды.
Бірінші кезең бойынша жинаған ұпай сандары келесідей көрсеткіштерге ие болды:
№ |
АЖТ |
1-ші кезең бойынша жалпы балл |
|
1 |
Әлімжан Н.Б. Еденова И.Е. |
87 |
|
2 |
Әмірғазы Ж.Н. Сейдалы Қ.А. |
71 |
|
3 |
Руденко А.В. Хасенова С.С. |
72 |
|
4 |
Шәкір Ә.Қ. Мажитова Н.Ж. |
60 |
|
5 |
Сайлау С.С. Байгиреев С.Г. |
55 |
|
6 |
Төлеухан А.Т. Байгереев Т.С. |
56 |
|
7 |
Утенова Н.Ж. Досымов Т.Д. |
42 |
Екінші тур екі кезеңмен өткізілді:
1-ші кезең «Педагогика және оқыту әдістемесі» бойынша 10 сұрақтан берілді.
2-ші кезең «Презентация қорғау» бойынша 7 минут уақыт ішінде жұптар өздерінің бірлесіп атқарған жұмыстары бойынша есептерін берді.
Екінші турға өткен 4 жұп өздерінің жақсы дайындық деңгейлерін көрсетті.
Байқау қорытындысы келесі нәтижеге алып келді:
«Үздік жас маман мен тәлімгер» номинациясына Әлімжан Н.Б. мен тәлімгері Еденова И.Е. ие болды.
І дәрежелі дипломмен Әмірғазы Ж.Н. мен тәлімгері Сейдалы Қ.А. марапатталынды.
ІІ дәрежелі дипломмен Руденко А.В. пен тәлімгері Хасенова С.С. марапатталынды.
ІІІ дәрежелі дипломмен Шәкір Ә.Қ. мен Мажитова Н.Ж. марапатталынды.
Барлық қатысқан жұптарға сәттілік және жұмыстарына табыс тілейміз! Марапаттарымен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!