Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК 29 наурыз 2022 жылы жас мамандардың қатысуымен кезекті «Шеберлік мектебі» отырысы болды.  Осы отырыста «Өндірістік сабағында оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы сапалы маман даярлау» - тақырыбында педагог-эксперт, өндірістік оқыту шебері Жапаргалиева Асемгуль Жаксылыковна өзінің тәжірибесімен алмасты.

Отырыс барысында алдымен оқытудың заманауи технологияларын өндірістік оқытуда қолдану жолдары бойынша ақпарат берілді. Жас мамандарға өндірістік оқыту сабағының жоспарын құру және заманауи технологияларын тиімді қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік бөлімінде, жас мамандар екі топқа бөлініп, өндірістік сабағының жоспарын құру тапсырмасын орындады. Сайыс барысында екі топ сабақ жоспарын құруда қолданылатын әдіс тәсілдерін тиімді пайдаланып, өз білімдерін жақсы деңгейде көрсете алды.

Қорыта келгенде, оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану арқылы білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығы және сабаққа деген белсенділігі артады. Жақсы маман даярлау үшін, өндірістік оқыту шеберінің мамандыққа деген аса көңілін бөліп, үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс.