Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/11/2024  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

13 сәуір күні Арқалық политехникалық колледжінің "Мұра" отбасылық клубының жоспарына сәйкес, педагог-психолог Амиржанова А.Қ және әлеуметтік-педагог Искакова М.Б ұйымдастыруымен, ата-аналарды психикалық саулық жайлы сауаттандыру, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және тәрбие беру тақырыбын талқылау мақсатында "Бала мен ата-ана қарым-қатынасының маңыздылығы" атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг психологиялық жаттығу, талқылау, топтық жұмыс, миға шабуыл(сұрақ-жауап), кері байланысты құрады. Ата-аналар бала үшін отбасындағы өзара қарым-қатынастың маңыздылығы жайлы ой қозғап, семинар-тренингтен жақсы әсер алғандарымен бөлісті.