Арқалық политехникалық колледжінде 21 сәуір күні, «Атамұра» үйірмесінің «Рухани жаңғыру: білім мен бірліктің дамуы» атты апталығы аясында «Рухани жаңғыру – мәдени даму жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел мақсаты: Ұлттық - мәдени бірегейлікті сақтау арқылы әр – бір қазақстандықтың көркемдік шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай – ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
«Атамұра» үйірмесінің жетекшісі Г.А Қоқашова баяндама жасады. Дөңгелек үстел қатысушылары рухани жаңғырудың барлық бағыттарына қатысты ойларын және ұлттық рух пен мәдени мұраның жаңғыруы туралы өз пікірлерін ортаға салды. Мақала аясында білім алушыларға әр - түрлі деңгейлі сұрақтар қойылып, «10 жылдан кейінгі Қазақстанды» қағаз бетіне түсіріп, белсенді және қарқынды талқылады. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін.