Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

04/10/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауына мүмкіндік жасайды.

Сол себепті біздің арнаулы оқу орнында кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жыл бойы жүргізіледі.

16-17 мамыр күндер аралығында колледжіміздің кәсіптік бағдар беру тобы Амангелді және Жангелді аудандарының мектептерінде "Мамандық жәрмеңкесі" іс-шарасын ұйымдастырды. Іс шараның негізгі мақсаттары мынадай: болашақ талапкерлер ішінен колледжге қабылдау барысында сапалы таңдау жасау; колледждегі мамандықтарды насихаттау, бітіруші түлектерді дәріптеу, колледжді жарнамалау.

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Салтанат Ахметова мектеп бітіретін 9 және 11 сынып түлектерімен кездесіп, колледждегі мамандықтар туралы презентация, колледж туралы бейнебаян көрсетіп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Оқушылармен жұмыс істеу – кәсіптік бағдар беру бағыттарының бірі, ал екіншісі-ата – аналармен жұмыс жасау болып табылады. Сондықтан ата – аналар арасында да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Себебі, балаларының мамандық таңдап алуына  ата – аналардың өте үлкен ықпал жасауына орай, олармен жұмыс істеудің нәтижелі болары сөзсіз.

Аталған іс-шара колледжіміздің белсенді де өнерлі студенттерінің ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.